Nokia 2700 classic - Көлік құралдары

background image

Көлік құралдары

РЖ сигналдар двигателі бар көліктердің дұрыс емес орнатылған немесе сәйкес

түрде қорғалмаған электрондық жүйесіне, мысалы электрондық жанармай бүрку

жүйесіне, электрондық сыналасуға қарсы тежеуіш жүйесіне, электрондық

жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасы жүйесіне, әсер етуі

мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін, көлігіңіздің немесе оған қосылған кез келген

жабдықтың өндірушісіне немесе оның өкіліне байланысыңыз.
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған

қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс емес орнату немесе қызмет көрсету қауіпті болуы

және бұл құрылғыға берілетін кез келген кепілдікті жарамсыз етуі мүмкін.

Көлігіңіздегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп

тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды

немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосымша

аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларымен

жабдықталған көліктер үшін, қауіпсіздік жастықшаларының үлкен күшпен ауаға

толатынын ойыңызда сақтаңыз. Қауіпсіздік жастықшасының астындағы аймаққа

немесе қауіпсіздік жастықшасының ашылу аймағына заттарды, орнатылған

немесе жылжымалы сымсыз жабдықты қоса, қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі

сымсыз жабдық дұрыс емес орнатылған болса және қауіпсіздік жастықшасы ауаға

толса, нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыңызды ұшақпен ұшқанда пайдалануға тыйым салынған. Ұшаққа

көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз құрылғыларды ұшақтың

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

37

background image

ішінде пайдалану ұшақтың жұмысы үшін қауіпті болуы, сымсыз телефон жүйесін

үзуі және заңға қайшы болуы мүмкін.