Nokia 2700 classic - Жарылу қаупі бар орталар

background image

Жарылу қаупі бар орталар

Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта құрылғыны сөндіріп,

барлық белгілер мен нұсқауларды сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға

әдетте сіз көлік моторын сөндіруге кеңес берілетін аймақтар жатады. Мұндай

аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге әкеп

соғатын жарылысқа немесе өртке себепші болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет

көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю

орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары, оларды сақтау және тарату

орындары, химиялық зауыттар немесе жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан

аймақтардағы радио жабдығын пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз.

Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар

әрқашанда анық бола бермейді. Олар қайықтардағы палубаның астыны,

химиялық заттарды тасу немесе сақтау ғимараттарды және ауаның құрамында

химиялық заттар немесе дән, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты бөлшектері

бар аумақтарды өз ішіне алады Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану

қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан сияқты) мұнай газдарды

пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.