Bluetooth сымсыз технологиясы
Bluetooth технологиясы телефоныңызды радиотолқын арқылы 10 метр (32 фут)
аралықта орналасқан сыйысымды Bluetooth құрылғысына қосуға мүмкіндік
береді.
Бұл құрылғы Bluetooth Specification 2.0 + EDR мен сай келеді және келесі
профайлдарды қолдайды: жалпы қатынау, желілік қатынау, жалпы нысан алмасу,
қосымша дыбыс тарату, аудио бейне қашықтықтан басқару пульті, ұстамай,
құлақаспап, нысанды басу, файл жіберу, термелі желіге қосылу, SIM қатынауы
және сериялық порт . Bluetooth технологиясын қолдайтын басқа да
құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған
қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа
құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды
арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Bluetooth байланысын орнату
Мәзір > Параметрлер > Байл. мүмкіндігі > Bluetooth пәрменін таңдаңыз және
төмендегілерді орындаңыз:
1. Телефонымның аты пәрменін таңдаңыз және телефоныңыздың атын
енгізіңіз.
2. Bluetooth байланысын қосу үшін Bluetooth > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Bluetooth байланысының қосылғандығын көрсетеді.
3. Телефоныңызды дыбыстық кеңейтумен қосуүшін Аудио көм. құр-н ізд.
пәрменін және қосқыңызкелетін құрылғыны таңдаңыз.
4. Телефоныңызды аумақтағы кез келген Bluetooth құрылғысымен қосу үшін
Жұпт-н құрылғылар > Жаңа құр-ғы қос. пәрменін таңдаңыз.
Негізгі құрылымға дөңгелетіп, Қосу таңдаңыз.
Телефоныңызда кодты (16 таңбаға шейін) теріңіз және өзге Bluetooth
құрылғысында байланысқа рұқсат беріңіз.
Егер сіз қауіпсіздік туралы алаң болсаңыз, Bluetooth функциясын ажыратыңыз
немесе Телефонның көрінуі параметрі үшін Жасырын мәнін таңдаңыз. Bluetooth
байланысын тек қана өзіңіз сенетін адамдармен орнатыңыз.
Дербес компьютерді интернетке қосу
Параметрлер
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
22
Сыйысымды дербес компьютеріңізді PC Suite бағдарламасын пайдаланбай
интернет кеқосу үшін Bluetooth функциясын пайдаланыңыз. Телефоныңыз
интернетке кіру мүмкіндігін қолдайтын қызмет ұсынушыны пайдалануы керек
және компьютеріңіз Bluetooth дербес желісін (PAN) қолдауы тиіс. Телефонның
желіге кіру орны (NAP) қызметіне қосылғаннан кейін және компьютермен
жұптасудан кейін телефоныңыз интернетпен пакеттік деректер қосылымын
автоматты түрде ашады.