Профильдер
Телефоныңызда профиль деп аталатын және түрлі жағдайларға және орталарға
қоңырау үнін белгілеу жолымен өзгерте алатын түрлі параметрлер топтары бар.
Мәзір > Параметрлер > Профильдер пәрменін, қажетті профильді және келесі
параметрлерден таңдаңыз:
● Іске қосу — таңдалған профильді қосу
● Дербестеу — профиль параметрлерін өзгерту
● Уақыт белгіленген — профильді нақты уақытта қосулуға белгілеу. Профиль
үшін орнатылған уақыт аяқталғанда уақыты көрсетілмеген бұрынғы профиль
қосылады.