SIM картасы мен батареяны салу
Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты
ажыратыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналғанда немесе бүгілгенде оңай бүлінуі
мүмкін, сондықтан картаны ұстау, салу немесе шығарып алу кезінде абайлаңыз.
1. Артқы қақпақты басыңыз да, телефонның төменгі жағына қарай сырғытып,
оны шығарып алыңыз (1).
2. Батареяны (2) шығарып алыңыз.
3. SIM картасының қосылатын бетін төмен қаратып ұстағыш ішіне салыңыз (3).
4. Батареяны (4) салыңыз да, артқы қақпақты (5) жабыңыз.