
Қоңыраулы сағат
Мәзір > Органайзер > Оятар пәрменін таңдаңыз.
Дабылды қосу немесе ажырату үшін Дабыл: пәрменін таңдаңыз. Дабыл уақытын
орнату үшін Оятар уақыты: пәрменін таңдаңыз. Телефонды аптаның көрсетілген
күндерінде дабыл беретін етіп қою үшін Қайталау: пәрменін таңдаңыз. Дабыл үнін
таңдау немесе арнайы үнді орнату үшін Дабыл үні:пәрменін таңдаңыз. Дабылды
қайталау уақытын орнату үшін Қайталану уақыты: пәрменін таңдаңыз.
Дабылды тоқтату үшін Тоқтату пәрменін таңдаңыз. Егер сіз телефон дабылын
жалғастыруды бір минутқа қойсаңыз немесе Қайтал. пәрменін таңдасаңыз,
дабыл көрсетілген уақытқа тоқтап, кейін тағы жалғасады.