FM радиосы
FM радиосы сымсыз құрылғы антеннасынан басқа антеннаға байланысты. FM
радиосының дұрыс қызмет жасауы үшін құрылғыға сәйкес келетін құлаққапты
немесе қосымша құрылғыны бекіту керек.
Ескерту Әуенді орташа дауыс деңгейінде тыңдаңыз. Үнемі аса көтеріңкі
деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Құралды
қосылып тұрған кезде құрылғыны құлағыңызға жақындатпаңыз, себебі дыбыс
деңгейі шектен тыс қатты болуы мүмкін.
Мәзір > Медиа > Радио пәрменін таңдаңыз немесе күту режимінде басып
тұрыңыз *.
Егер сіз әлдеқашан радио стансаларын сақтап қойған болсаңыз, стансалар
арасында ауысу үшін солға немесе оңға қарай айналдырыңыз немесе қажетті
стансаның жадтағы орнына сәйкес келетін нөмірлі пернені басыңыз.
Көршілес станцияны іздеу үшін айналдыру түймешігін оңға немесе солға басып
тұрыңыз.
Дәлденген станцияны сақтау үшін, Опция-р > Станцияны сақтау пәрменін
таңдаңыз.
Дауыс деңгейін сәйкестендіру үшін, жоғары немесе төмен дөңгелетіңіз.
Радионы қосалқы тәртіпте жұмыс істету үшін аяқтау түймешігін басыңыз.
Радионы өшіру үшін аяқтау пернесін басып тұрыңыз.