Күтім және техникалық қызмет көрсету
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
34
● Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары температура электрондық
құрылғылардың қызмет ету қысқартып, батареяларды зақымдауы және
пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін.
● Құрылғыны суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температурасына
келгенде, оның ішінде ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын
зақымдауы мүмкін.
● Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға
әрекеттенбеңіз.
● Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Өрескел
пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен жұқа механизмдердің зақымдануы
мүмкін.
● Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу
құралдарын құрылғыны тазалауға пайдаланбаңыз.
● Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып,
дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
● Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе мақұлданған антеннаны
пайдаланыңыз. Рұқсат берілмеген антенналар, түрлендірулер немесе көмекші
құралдар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді
бұзуы мүмкін.
● Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.
● Әрқашан контактілер мен күнтізбе жазбалары сияқты қалаған
мәліметтеріңіздің көшірмесін жасап жүріңіз.
● Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-мезгіл бастапқы қалпына
келтіру мақсатымен оны өшіріп, батареяны алыңыз.
Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез
келген қосымша аспапқа бірдей қолданылады. Егер құрылғы дұрыс істемей
тұрса, тексерту үшін оны жақын өкілетті қызмет көрсету орталығына алып
барыңыз.