7. Контактілер
пәрменін таңдаңыз.Мәзір > Контактылар.
Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадында және SIM картасының жадында
сақтауға болады. Телефон жады нөмірлері және мәтіндік элементтері бар
контактілерді сақтай алады. SIM картасының жадында сақталған аттар мен
нөмірлер
арқылы көрсетіледі.
Контактіні қосу үшін Аттар > Опция-р > Жаңа контакт қосу пәрменін таңдаңыз.
Контактіге егжей-тегжейлі мәліметтерді қосу үшін пайдаланылатын жадтың
Телефон немесе Телефон мен SIM екендігін тексеріңіз. Аттар пәрменін
таңдаңыз, атқа жылжыңыз және Мәлім-рі > Опция-р > Мәлімет қосу пәрменін
таңдаңыз.
Контактілер
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
19
Контактіні іздеу үшін Аттар пәрменін таңдап, одан кейін контактілер тізімі
бойынша жылжыңыз немесе атының бірінші әрібін енгізіңіз.
Телефон жады мен SIM карта жады арасында байланыс ақпаратын көшіріп жазу
үшін, Аттар таңдаңыз, содан соң керекті байланысты таңдап, Опция-р >
Контактыны көшіру командасын таңдаңыз. SIM картасының жадында әрбір ат
үшін тек қана бір телефон нөмірі сақталады.
Контактілеріңіз үшін SIM картасы немесе телефон жадын таңдау үшін,
контактілердегі аттар мен нөмірлердің қалай көрсетілетінін таңдау үшін және
контактілер үшін бос және пайдаланылған жад көлемін көру үшін Параметрлер
пәрменін таңдаңыз.
Кісінің контактілік мәліметтерін визитка түрінде vCard стандартын қолдайтын
сыйысымды құрылғыдан жіберуге және алуға болады. Визитканы жіберу үшін
Аттар пәрменін таңдаңыз, мәліметтерін жібергіңіз келетін контактіні іздеңіз және
Мәлім-рі > Опция-р > Визитка жіберу пәрменін таңдаңыз.
8. Қоңырауларды тіркеу журналы
Қоңырауларыңыз, хабарларыңыз, деректеріңіз немесе синхрондау жөніндегі
ақпаратты көру үшін Мәзір > Журнал пәрменін және бар опциялардың бірін
таңдаңыз.
Ескерім: Сіздің қызмет көрсетушіңіздің есебі барлық қоңыраулар мен
қызмет түрлері үшін әртүрлі және есеп, салық т .б. қоса алғанда интернет
мүмкіндіктеріне байланысты болады.
9. Параметрлер
Профильдер
Телефоныңызда профиль деп аталатын және түрлі жағдайларға және орталарға
қоңырау үнін белгілеу жолымен өзгерте алатын түрлі параметрлер топтары бар.
Мәзір > Параметрлер > Профильдер пәрменін, қажетті профильді және келесі
параметрлерден таңдаңыз:
● Іске қосу — таңдалған профильді қосу
● Дербестеу — профиль параметрлерін өзгерту
● Уақыт белгіленген — профильді нақты уақытта қосулуға белгілеу. Профиль
үшін орнатылған уақыт аяқталғанда уақыты көрсетілмеген бұрынғы профиль
қосылады.
Әуендер
Таңдалған белсенді профильдің әуен параметрлерін өзгертуге болады.