Nokia 2700 classic - Қатынас кодтары

background image

Қатынас кодтары

Қауіпсіздік коды телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі.

Алдын-ала қойылған код 12345. Код жасап, оны өзгертуіңізге, сондай-ақ,

телефонды код сұрайтын етіп орнатуыңызға болады. Кодты құпия және

телефоныңыздан бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытып қалсаңыз

және телефоныңыз құлыпталып қалса, телефон қызмет көрсету қажет болады

және қосымша төлем алынуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care

орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен хабарласыңыз.
SIM картамен бірге берілетін PIN код картаның рұқсатсыз пайдаланылуынан

қорғайды. SIM карталармен бірге берілетін PIN2 код белгілі бір қызметтерге кіруге

қажет болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден

PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет

провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін

модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды

қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін

пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай

пайдаланатынын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік пәрменін

таңдаңыз.